10.07.2007, 16:28 2695

Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кораблінің сынақтары аяқталып, борт жүйелері тексеріліп бітті

БАЙҚОҢЫР. 10-шілде. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында "Прогресс М-61" жүк кораблінің герметикалық қасиетінің сынақтары аяқталып, борт жүйелерінің жұмысы тексеріліп бітті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Энергия" зымыран-ғарыштық кешеніің мамандары вакуумды камерада "Прогресс М-61" жүк кораблінің герметикалық жағдайын тексерді. Сондай-ақ, электрлі борт жүйелері тексерілді. Осы аптада ғарыш айлағының мамандары жүк кораблінің қозғалтқышына отын құюға дайындайды.

"Прогресс М-61" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, жабдықтар мен отын, компьютерлік жабдықтарды жеткізуге тиіс.

"Прогресс М-61" жүк кемесі "Союз-У" зымыран тасығышымен 2007-жылдың 2-тамызында Асиана уақытымен 21 сағат 32 минутта ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны