07.12.2007, 16:53 2936

Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Дайындық кестесіне сәйкес, "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары корабльдің радиожүйесін тексеруге қатысты қорытынды операция мен күн батареяларының бақылау тексеруін жүргізді.

"Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Келесі аптада "Прогресс М-62" жүк кораблінің қозғалтқышын жанармаймен және сұйытылған газбен толтыру үшін жанармай құю станциясына жөнелтіледі.

Ғарыш кемесі экипаждарға арналған азық-түлік, су, Халықаралық ғарыш станциясының орбитасын ұстап тұру үшін жанармай, шығындалатын жүктер мен ғылыми құрылғылар жеткізуге тиіс.

"Прогресс М-62" жүк транспорттық кемесін "Союз-У" зымыран тасымалдағышымен ұшыру 2007 жылдың 23-желтоқсанында астана уақыты бойынша 13.23 межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны