04.12.2007, 14:59 2611

Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Байқоңыр. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

"Прогресс М-62" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Өткен аптада "Энергия" РҒК мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары № 254 алаңының сынақ корпусында вакуумдық камерада ғарыш корабліне кешенді сынақ пен тексеру жүргізді. Оларды аяқтағаннан кейін "Прогресс М-62" жүк кораблі герметикалық тексеру жүргізу стендіне орнатылған болатын.

Стендте тексеру аяқталғаннан кейін "Прогресс М-62" жүк кораблі жанармаймен және сұйытылған газбен толтыру үшін жанармай құю станциясына жөнелтіледі. Ғарыш кемесін ұшыруға дайындаудың қорытынды сатысы оған экипаждарға арналған азық-түлік, су, Халықаралық ғарыш станциясының орбитасын ұстап тұру үшін жанармай, шығындалатын жүктер мен ғылыми құрылғылар тиеу болып табылады.

"Прогресс М-62" жүк транспорттық кемесін "Союз-У" зымыран тасымалдағышымен ұшыру 2007 жылдың 23-желтоқсанында астана уақыты бойынша 13.23 межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны