29.01.2008, 17:50 2943

Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 29-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-63" жүк кемесі ұшырылуға дайындалуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып. Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, ғарыш айлағының мамандары 2008 жылғы екінші ғарыш ұшырылымына дайындық жұмыстарын аяқтап қалған. "Прогресс М-63" жүк кемесінің ұшырылу күнін ақпанның 7-нен 5-не ауыстыруына байланысты жүк кемесі мен зымыран тасығыштың дайындық кестесіне түзетулер енгізілген.

Жұмыс жаңа кестеге сай жүргізілуде. 28-қаңтар күні "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының, бас кәсіпорынның және Байқоңыр ғарыш айлағының көлік-химиялық машина құрылысын пайдалануға беру және зерттеуден өткізу орталығының мамандары №31 алаңның жанармай құю станциясында "Прогресс М-63" жүк кемесінің қозғалтқыштарына жанармай және сығымдалған газбен толтыру жұмыстарын аяқтаған.

№112 алаңның монтаждық тексеру корпусында "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылуға дайындалуда. Зымыранды басқару жүйесінің дербес тексерулері өткізілуде.

"Прогресс М-63" жүк кемесін артқан "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылуы 5-ақпан күні Астана уақытымен 19.03-ке белгіленген.

"Прогресс М-63" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, ғылыми құрал-жабдық пен жанармай жеткізуі керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны