04.04.2008, 12:41 2719

Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк кораблін ұшыруға дайындық басталды

Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк кораблін ұшыруға дайындық басталды

Байқоңыр. 4-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-64" жүк кораблін ұшыруға дайындық басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін "Прогресс М-64" жүк кемесін 2008 жылдың мамыр айының ортасында ұшыру межеленген.

№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағына 25-наурызда жеткізілген "Прогресс М-64" жүк кемесінің ұшырылым алындағы дайындықтары басталды.

Осы аптада жүк кемесінің жүйелері тексеріледі.

Жүк таситын "Прогресс М-64" кемесін ғарышқа жеткізетін "Союз-У" зымыран тасығышының дайындықтары да №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында басталды.

"Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылатын пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны