18.04.2008, 18:14 2987

Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі вакуумды камерада тексерілуде

Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі вакуумды камерада тексерілуде

Байқоңыр. 18-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі вакуумды камерада тексерілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмос агенттігіне сілтеме жасап.

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін "Прогресс М-64" жүк кемесін 2008 жылдың 14-мамырында ұшыру межеленген.

Кеше ғарыш айлағының мамандары Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблін жаңғырықсыз камерада сынақтардан өткізді. Онда корабльдің герметикалық жағдайы тексерілді.

"Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылған пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны