05.05.2008, 15:54 2945

Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы корабліне отын құйылды

Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы корабліне отын құйылды

Байқоңыр. 5-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы корабліне жанармай құйылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары жүк кемесін ұшыруға дайындықты одан әрі жалғастыруда.

Жанармай құйылғаннан кейін жүк кораблі оны ұшыруға арналған "Союз-У" зымыран тасығышымен түйістіруге дайындау үшін монтаж-сынақ корпусына тасымалданады.

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін "Прогресс М-64" жүк кемесін "Союз-У" зымыран тасығышым 2008 жылдың 15-мамырында Астана уақытымен 2 сағат 22 минутта (Мәскеу уақытымен 00 сағат 22 минутта) №1 алаңның №5 ұшырылым қондырғысынан ұшыру межеленген.

"Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылған пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап 2,5 тоннаға жуық азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны