07.05.2008, 18:03 2822

Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблінің дайындықтары жалғасуда

Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблінің дайындықтары жалғасуда

Байқоңыр. 7-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблінің дайындықтары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында жүк кемесін ұшыруға дайындықтардың ақырғы кезеңін өткізуде. Корабль жүйелері тексерілгеннен кейін авторлық тексеру жүргізіліп, бас обтекатель корабльге жалғанады.

Бұдан кейін жүк кораблі №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданып, онда 12 мамырда оны ұшыруға арналған "Союз-У" зымыран тасығышымен түйістіріледі

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін "Прогресс М-64" жүк кемесін "Союз-У" зымыран тасығышым 2008 жылдың 15-мамырында Астана уақытымен 2 сағат 22 минутта (Мәскеу уақытымен 00 сағат 22 минутта) №1 алаңның №5 ұшырылым қондырғысынан ұшыру межеленген.

"Прогресс М-64" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылған пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап 2,5 тоннаға жуық азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны