14.06.2006, 11:04 2526

Байқоңырда “Протон-К” зымыран тасығышы мен «KazSat» жер серігі ұшыру кешеніне шығарылды

БАЙҚОҢЫР. 14-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңырда “Протон-К” зымыран тасығышы мен Қазақстанның тұңғыш «KazSat» жер серігі 200-алаңның ұшыру кешеніне шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жер серігін ұшыруға ақырғы дайындық жұмыстарын жүргізу туралы шешім кеше мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

Сағат 7-де зымыран 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусынан шығарылды. Онда өзара түйістіріліп, зымыранның бас бөлігіне орнатылған «KazSat» ғарыштық аппараты, ДМ-3 үдеткіш блогы мен зымыран тасығыш құрастырылды. 9 сағат 40 минутта зымыран 200-алаңның ұшыру кешеніне шығарылды.

Ғарыш айлағының мамандары алдағы 4 күнде зымыран тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелерін тексереді.

“Kazsat” жер серігі 18-маусымда ұшырылады деп межеленген. Ұшыру шарасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин қатысады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны