26.12.2007, 12:46 1717

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы "Глонасс-М" үш жер серігімен қоса ұшырылды

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы "Глонасс-М" үш жер серігімен қоса ұшырылды

Байқоңыр. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы "Глонасс-М" атты үш бірдей жер серігімен ұшырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Ғарыш тасығышы Астана уақытымен 1 сағат 32 минутта №24 кешенің №81 алаңынан ұшырылды. Ғарыш тасығышының екі сатысы ұшырылу циклограммасы бойынша уақтылы бөлінді. "Протон-М" зымыран тасығышы "Глонасс-М" ғарыш аппаратын орбитаға алып шықты.

Бұл ресейдік 2007 жылы Байқоңырдан ұшырылған екінші навигациялық серіктері болды. Бұдан бұрын, "Глонасс-М" 3 аппаратымен ЗТ"Протон-К" зымыраны 26 қазанда ұшырылған болатын.

"Глонасс-М" үш серігін шығару арқылы, орбитада орналасқан ресейлік жаһандық навигациялық жүйесіндегі серіктері 24-ке жетеді (Американдық GPS жаһандық жүйесіне ұқсас).

Глонасс жүйесінде негізінде үш деңгейде 24 серік жұмыс істеу керек. Бүгінде 13 серік жұмыс істеп ишарат таратса, 3 ғарыштық аппарат техникалық қызмет көрсетіп, тағы да екеуі өздерінің ресурстарын тауысты.

Кеңістіктегі координатты анықтау үшін, бірдей уақытта төрт серіктен сигнал қабылдау қажет. Глонасс жүйесіндегі арнайы сигналдар қабылдағышы қозғалыстағы нысананың орнын, жылдамдығын үш координатасын анықтай алады.

Толық 24 серік 2008 жылы жинақталатын болады. Халықаралық тұтынушылар бұл жүйеге 2009 жылы қол жеткізе алады. Глонасс жүйесінің дамуы Ресей мен оның серіктері үшін стратегиялық маңызы зор. Ресеймен жасалған келісім бойынша, бұл жобаға Қазақстан да қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны