24.01.2008, 18:12 2627

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығаруға дайын болды

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығаруға дайын болды

Байқоңыр. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығаруға дайын болды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Жанармай құятын станциядағы "Протон-М" зымыран тасығышында түпкілікті дайындық шаралары жүргізілуде. Бүгін таңертең "Бриз-М" үдеткіш блогының төмен қысымды бактарына отын құю аяқталды.

Дайындық жұмыстарын жалғастыру және "Протонды" №200 алаңның ұшырылым қондырғысына шығару жөніндегі шешім бүгін мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданады.

"Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппаратын ұшырылым кешегіне шығару 25 қаңтарға жоспарланған.

Қазір М. Хруничев атындағы орталы, ОМ конструкторлық бюросы мен "Байқоңыр" Федераллық ғарыш орталығының мамандары №200 алаңның ұшырылым кешеніне тексерулер жүргізуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Экспресс-АМ33" ғарыш аппаратын Железногорск қаласындағы М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары Францияның Thales Alenia Space фирмасымен бірлесе жасаған. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. "Экспресс-АМ33" байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл аппарат орбитада 2006 жылғы наурызда "ғарыштық қоқыспен" соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған "Экспресс-АМ11" геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.

"Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 28 қаңтарда Астана уақытымен 6 сағат 19 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны