25.01.2008, 14:02 1490

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты №200 алаңның ұшырылым "үстеліне" орнатылды

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты №200 алаңның ұшырылым "үстеліне" орнатылды

Байқоңыр. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты №200 алаңның ұшырылым "үстеліне" орнатылды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"Протонды" №200 алаңның ұшырылым қондырғысына шығару жөніндегі шешім кеше мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

Бүгін таңертең жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта техникаллық жанармай құю станциясында "Протон-М" зымыран тасығышы темір жолмен №200 алаңның ұшырылым кешеніне тасымалдана бастады. Зымыран тасығыш жеткізіліп, ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды.

Қазір М. Хруничев атындағы орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы мен "Байқоңыр" Федераллық ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісті. Ғарыш айлағының мамандары үш күн бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін тексеретін болады. №200 алаңның ұшырылым кешеніне тексерулер жүргізуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Экспресс-АМ33" ғарыш аппаратын Железногорск қаласындағы М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары Францияның Thales Alenia Space фирмасымен бірлесе жасаған. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. "Экспресс-АМ33" байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.

Бұл аппарат орбитада 2006 жылғы наурызда "ғарыштық қоқыспен" соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған "Экспресс-АМ11" геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.

"Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 28 қаңтарда Астана уақытымен 6 сағат 19 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны