09.06.2009, 14:46 2302

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышымен "Сириус-ФМ-5" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға бағытталған дайындықтар одан әрі жалғасуда

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышымен "Сириус-ФМ-5" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға бағытталған дайындықтар одан әрі жалғасуда

Алматы. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышымен американдық "Сириус-ФМ-5" (Sirius FM5) телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға бағытталған дайындықтар одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Протон-М" зымыраны "Бриз-М" үдеткіш блогымен және АҚШ-тың Sirius FM5 телекоммуникациялық жер серігімен бірге 2009 жылдың шілде айының басында ұшырылады деп жоспарланған.

Sirius FM5 аппаратын "Лорал" (Space Systems Loral) компаниясы АҚШ-тың "Сириус-Радио" (Sirius XM Radio Inc) операторының тапсырысы бойынша LS-1300 платформасының негізінде жасап шығарған. Жер серігі телекоммуникациялық қызмет көрсетіп, геостационарлық орбитада 15 жыл жұмыс істейді.

Сонымен бірге, Байқоңырда Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппаратын ұшыру дайындықтары қарқынды жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны