24.12.2008, 13:14 1556

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын үш бірдей "Глонасс-М" жер серігімен қоса ұшыруға дайындаудың үшінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын үш бірдей "Глонасс-М" жер серігімен қоса ұшыруға дайындаудың үшінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңыр. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың үшінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Кеше ұшырылым кестесінің екінші күнінің дайындық жұмыстары аяқталды.

Оны жүргізу кезінде зымыран тасығышының жүйесі тексеріліп, "Протон-М" зымыран тасығышының ұшыру дайындығы тексеріліп, зымыранға жанар май құюдың имитациясы жасалды.

Бүгін М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі констукторлық бюросы, "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының мамандары үшінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша дайындыққа кірісті.

Ұшырылым кешенінде зымыран тасығышқа жанармай құюға дайындық жұмыстары мен жанармай құюдың имитациясы жасалуда. Ғарыш айлағының мамандары жер үсті ыдыстарынан жанармай құюытын құбырларды зымыранның құбырларымен түйістіріп, олардың бүтіндігін тексеруде.

Зымыран тасығышқа отын құю ұшырылым күніне межеленген.

Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.

Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 желтоқсанға межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны