07.12.2007, 18:04 3075

Байқоңырда «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық басталды

Байқоңырда «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық басталды

Байқоңыр. 7-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда 2008 жылдың ақпанында «Тор-2Р» ғарыш аппаратын алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Ғарыш айлағының мамандары келесі жылы көзделген кезекті ұшырылымға дайындалу үстінде. 92 - 50 алаңының монтаждау-сынақ корпусында М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының зымыран-ғарыш техникаларын пайдалану жөніндегі зауытының мамандары «Тор-2Р» норвег телекоммуникациялық спутнигін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышын жинауға қатысты жұмыстарды бастап кетті.

«Тор-2Р» ғарыш аппаратын ғарыш айлағына 2008 жылдың қаңтарында жеткізу жоспарланған. Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышын «Тор-2Р» ғарыш аппаратымен бірге ұшыру 2008 жылдың ақпан айына межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны