23.12.2008, 13:19 1543

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңыр. 23 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Кеше ұшырылым кестесінің бірінші күнінің дайындық жұмыстары аяқталды.

Бүгін ұшырылым кестесінің екінші күнгі дайындықтары басталып, оны жүргізу кезінде зымыран тасығышының жүйесі тексеріліп, "Протон-М" зымыран тасығышының ұшыру дайындығы тексеріліп, зымыранға жанар май құюдың имитациясы жасалады.

Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.

Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 желтоқсанға межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны