23.01.2009, 10:36 1277

Байқоңырда Ресейдің екі жер серігін орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды

Байқоңырда Ресейдің екі жер серігін орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды

Байқоңыр. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ресейдің екі жер серігін орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бриз-М" үдету блогы ғарыштық мақсатты "Протон-М/Бриз-М" зымыранының құрамында "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін орбитаға шығару үшін пайдаланылады.

"Экспресс-АМ44" және "Экспресс-МД1" жер серіктері "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2009 жылдың 11 ақпанында ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны