02.12.2008, 17:55 2656

Байқоңырда Ресейдің "Экпресс-МД-1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары басталды

Байқоңырда Ресейдің "Экпресс-МД-1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары басталды

Байқоңыр. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ресейдің "Экпресс-МД-1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Федералдық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №92-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының Зымыран-ғарыштық техниканы пайдалану жөніндегі зауытының мамандары Экпресс-МД-1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышын құрастыруға кірісті.

Қазір ғарыштық аппараттар зауытта ұшырылым алындағы тексеруден өткізіліп, ғарыш айлағына жіберуге дайындалуда.

"Экспресс-МД-1" ғарыштық аппараты 2006 - 2015 жылдарға арналған Федералдық ғарыштық бағдарлама аясында "Ғарыштық байланыстар" ФМҰБ тапсырысы бойынша жасалған. Жер серігі үздіксіз спутниктік байланыс орнату мен Ресейде хабар таратуға арналған.

"Экспресс-МД-1" ғарыштық аппаратымен бірге "Экспресс-АМ44" атты тағы бір байланыс жер серігі ұшырыоымға дайындалуда.

Ресейдің "Экпресс-МД-1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын 2009 жылдың басында ұшыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны