16.01.2009, 16:55 3017

Байқоңырда Ресейдің "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға дайындалуда

Байқоңырда Ресейдің "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға дайындалуда

Байқоңыр. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ресейдің "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін ұшыруға дайындалуда", деп хабарлайды агенттік тілшісі М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында М. Хруничев атындағы орталық мамандары "Экспресс-МД1" ғарыштық аппаратының басты электр тексерулерін аяқтады.

"Қазір ғарыштық аппараттарды "Протон-М" зымыранының ғарыштық бас бөлігінің құрамы ретінде құрастыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кеше №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағына 14 қаңтарда жеткізілген "Экспресс-АМ44" ғарыштық аппаратын стендке орнату және ұшырылымға дайындау жұмыстары басталды.

"Ғарыштық аппараттар мен үдеткіш блокты ғарыштық бас бөлікке құрастыруға бағытталған дербес дайындақтарды қаңтардың аяғына дейін аяқтау жоспарланған", - деп хабарлайды М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметі.

"Бриз-М" үдету блогы ғарыштық мақсатты "Протон-М/Бриз-М" зымыранының құрамында "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін орбитаға шығару үшін пайдаланылады, - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Экспресс-МД1" ғарыштық аппаратын "Космическая связь" ФҒӨБ тапсырысы бойынша М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы мен Thales Alenia Space итальяндық бөлімшесі жасап шығарған. Жер серігі Ресей Федерациясының спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесінде түрлі бағыттағы ақпараттар ағынын тәулік бойы үздіксіз ретрансляциялаға арналған. "Экспресс МД-1" жер серігінің салмағы 1140 килограмм, C-диапазондағы 8 транспондер, L-диапазондағы 1 транспондерді алып жүреді. "Экспресс МД-1" жер серігі 10 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

"Экспресс-АМ44" ғарыштық аппаратын "М.Решетнев атындағы ақпараттық-спутниктік жүйелер" ААҚ Thales Alenia Space француз бөлімшесі жасап шығарған. "Экспресс-АМ44" жер серігінің Ku-диапазондағы 6 транспондері, C-диапазондағы 10 және L-диапазондағы 1 транспондері бар. Жер серігінің салмағы 2,5 тоннадан асады және ғарышта 12 жыл жұмыс істеуге арналған.

"Экспресс-АМ44" және "Экспресс-МД1" жер серіктері "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2009 жылдың 11 ақпанында ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны