20.02.2009, 15:12 2518

Байқоңырда Ресейдің "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық жалғасуда

Байқоңырда Ресейдің "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық жалғасуда

Байқоңыр. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ресейдің "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, ғарыш айлағының мамандары 92-А50 алаңның монтаж-сынақ корпусында жер маңы орбитасына Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мүддесіне орай "Космос" сериялы Ресейдің жер серігін алып шығатын "Протон" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындауда.

"Космос" сериялы Ресейдің жер серігін орбитаға алып шығатын "Протон" зымыран тасығышының ұшырылымы 28 ақпанға межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны