15.01.2009, 16:10 5695

Байқоңырда Ресейдің "Метеор-М" жер серігі мен бес шағын жер серігін ұшыруға арналған "Союз-2" зымыран тасығышының дайындықтары басталды

Байқоңырда Ресейдің "Метеор-М" жер серігі мен бес шағын жер серігін ұшыруға арналған "Союз-2" зымыран тасығышының дайындықтары басталды

Байқоңыр. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ресейдің "Метеор-М" жер серігі мен бес шағын жер серігін ұшыруға арналған "Союз-2" зымыран тасығышының дайындықтары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында Самарадағы "ЦСКБ-Прогресс" филиалы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары Ресейдің "Метеор-М" жер серігін ұшыруға арналған "Союз-2" зымыран тасығышының дайындығына кірісті.

"Ресейдің ғарыш саласының мамандары зымыранның екінші сатысын құрастыру, бірінші сатының блоктарын пневматикалық сынақтардан өткізу, бірінші саты блоктарын орталық блокқа орнату жұмыстарын жүргізуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ресейдің "Метеор-М" жер серігі мен бес шағын жер серігін "Союз-2" зымыран тасығышымен 2009 жылдың орта шенінде ұшыру жоспарланған.

"Метеор-М" жер серігінің салмағы 2700 килограмм, ол 830 шақырымдық биіктіктен метеорологиялық ақпаратты жердегі станцияларға беруге арналған. "Метеор-М" ғарыштық аппараты 5 жылдық жұмысқа есептелген.

"Метеор-М" ғарыштық аппаратымен бір кластерде "Стерх", "Татьяна", УГАТУСАТ, ЗА-220 (ZA-002), "ИРИС" (IRIS) атты бес шағын ғарыштық аппарат ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны