30.06.2009, 11:19 2719

Байқоңырда РС-20 конверсиялық зымыранымен ғарыштық аппараттар топтамасын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңырда РС-20 конверсиялық зымыранымен ғарыштық аппараттар топтамасын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Алматы. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда РС-20 конверсиялық зымыранымен ғарыштық аппараттар топтамасын ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағында шетелдік мамандар РС-20 конверсиялық зымыранымен ғарыштық аппараттар топтамасын ұшыруға дайындық жұмыстарын бастады. "ЮК ДМС-2" (Ұлыбритания) және "Деймос-1" (Испания) аппараттары ғарыш айлағының №31 алаңының 40 монтаж-сынақ корпусының залында орнатылған.

Сондай-ақ, шетелдік мамандардың екінші тобы келген соң 1 шілдеде "Дубайсат-1" (Біріккен Араб Имірліктері) ғарыштық аппаратын контейнерден түсіру және оны ұшырылымға дайындай бастау жоспарланған.

РС-20 зымыраны 2009 жылдың шілде айының аяғында ұшырылады деп жоспарланған. Зымыранмен "ДубайСат-1", "Даемос-1", "ЮК ДМС-2", НаноСат-1В", "АпрайзСат-3" және "АпрайзСат-4" аппараттары ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны