09.07.2009, 15:54 2941

Байқоңырда РС-20 конверсиялық зымыранымен ғарыштық аппараттар топтамасын ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда

Байқоңырда РС-20 конверсиялық зымыранымен ғарыштық аппараттар топтамасын ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда

Алматы. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда РС-20 конверсиялық зымыранымен ғарыштық аппараттар топтамасын ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агентті "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 7 шілдеде "Крайний" әуежайына рейстік ұшақпен "АпрайзСат-3" және "АпрайзСат-4" ғарыштық аппараттары жеткізілді, олар РС-20 конверсиялық зымыранымен кластерлік ұшырылым аясында ғарышқа аттануға тиіс. Жер серіктерін ғарыш айлағының №31 алаңының монтаж-сынақ корпусының камерасына орналастырып, оларды ұшырылымға дайындай бастау жоспарлануда.

Аргентинаның "АпрайзСат-3" және "АпрайзСат-4" жер серіктері LatinSat сериясының жалғасы болып табылады және ол байланысқа арналған. 2002 және 2004 жылдары "Днепр" бағдарламасы бойынша 4 жер серігі ұшырылған. Ғаламдық жүйе құру шеңберінде жер орбитасына барлығы 64 жер серігін шығару көзделуде. Ирбір AprizeSat ғарыштық аппараты куб пішінді, сыртқы антеннасы бар және салмағы 12 килограмм болмақ. Жүйе операторы - LatinSat (Aprize Argentina), жер серіктері SpaceQuest кәсіпорнында жасалған.

Сондай-ақ, Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Деймос-1" және "ЮК ДМС-2" ғарыштық аппараттары бөлу жүйесінің адаптерлеріне орнатылды.

Кеше №31 алаңның 40 монтаж-сынақ корпусында шетелдік мамандар "Деймос-1" және "ЮК ДМС-2" ғарыштық аппараттарын РС-20 зымыранының ғарыштық бас бөлігінің бөлу жүйесінің адаптерлеріне орнатты. Барлық жұмыстар кесте бойынша жүргізілде.

Құрлықаралық РС-20 баллисткалық зымыранының конверсиялық ұшырылымы 2009 жылдың 26 шілдесінде Астана уақытымен сағат 00.46-да жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Зымыранмен"ДубайСат-1" (DubaiSat-1), "Даемос-1" (Deimos 1), "ЮК ДМС-2" (UK-DMC 2), "НаноСат-1В" (NanoSat 1B), "АпрайзСат-3" (AprizeSat 3), "АпрайзСат-4" (AprizeSat 4) аппараттары ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны