16.02.2007, 18:05 2928

Байқоңырда "Союз ТМА-10" ғарыш кемесін ұшыру дайындығы басталды

БАЙҚОҢЫР. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңырда "Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесін ұшыру дайындығы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Федеральдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 12-ақпанда ғарыш айлағына Королев қаласындағы зауыттан әкелінген "Союз ТМА-10" ғарыш кемесі 254 алаңның монтаж-сынақ корпусына әкелініп, кеше кешке арнайы стендке орнатылды. Бүгін "Энергия" зымыран-ғарыш кешенінің мамандары ғарыш кемесінің құрамдас бөліктерін құрастыруға, олардың жұмысқа жарамдылығын тексеру мен сынақ жүргізуге кірісіп кетті.

Ұшыру алдындағы дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, электр құралдарына, қозғалтқыш құралдарына сынақ жұмыстары, қозғалтқышқа жанармай компоненттері мен сұйытылған ауа құю және басқа да технологиялық операциялар жүргізіледі.

Наурыздың аяғы мен сәуірдің басында ғарыш айлағына ғарыш кемесінде жаттығу жүргізетін негізгі және қосалқы экипаж мүшелері ұшып келеді деп жоспарланған.

"Союз ТМА-10" пилотты ғарыш кемесін Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15-ші экспедициямен қоса аспан кеңістігіне алып шығатын "Союз-ФГ" зымыраны 2007-жылдың 9-сәуірінде ұшырылады. Экипаж құрамында Фёдор Юрчихин және Олег Котов (Россия), сондай-ақ, ғарыштық турист Чарльз Шимони (США) бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны