БАЙҚОҢЫР. 6-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Байқоңырда "Союз ТМА-10" ғарыш кораблімен ұшатын негізгі экипаждың құрамы бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
Негізгі құрамға Халықаралық ғарыш станциясының командирі, "Союз ТМА" бортинженері, "Энергия" зымыран-ғарыштық корпорациясының ғарышкер-сынақшысы Федор Юрчихин; Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, "Союз ТМА" кораблінің командирі, Ресейдің мемлекеттік Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау жөніндегі ғылыми-зерттеу-сынақ орталығының ғарышкер-сынақшысы Олег Котов пен ғарыштық турист - АҚШ азаматы Чарльз Симони енді.
Ал қосалқы экипажға Халықаралық ғарыш станциясының командирі, "Союз ТМА" командирі Роман Романенко, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, "Союз ТМА" бортинженері, "Энергия" зымыран-ғарыштық корпорациясының ғарышкер-сынақшысы Михаил Корниенко бекітілді.
Мемлекеттік комиссияның отырысынан кейін дәстүрлі ұшырылым алдындағы баспасөз мәслихаты өтті. Экипаж мүшелерінің айтуынша, олар өз күштері мен "Союз- ФГ" зымыран тасығышы мен "Союз ТМА-10" ғарыш кораблінің сенімділігіне кәміл сененді.
Сонымен бірге экипаж бұрынғыдай таңертең емес, кешке ұшырылатындықтан ұшырылым алдындағы дайындықтардың кестесі де ауысты. Бүгін ғарышкерлер қызу дайындықтар жасап, ертең кешке 7-сәуірде экипаждар скафандрларды кию және ғарыш корабліне орналасу үшін №254 алаңға барады.
Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15 басты экспедицияның экипажы мен "Союз ТМА-10" кемесін алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы 7 сәуір күні Астана уақыты бойынша 23 сағат 31 минутқа белгіленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.