01.10.2007, 15:45 3046

Байқоңырда «Союз ТМА-11» экипажының ғарышкерлері пилотты ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің жалауын көтерді

Байқоңырда «Союз ТМА-11» экипажының ғарышкерлері пилотты ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің жалауын көтерді


Байқоңыр. 1-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Союз ТМА-11" экипажының ғарышкерлері пилотты ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің жалауын көтерді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Рәсім әрқашан ғарышкерлер экипажының мүшелері тұрып жатқан "Ғарышкер" қонақ үйінің жанында өтетін. Экипаж мүшелері мен Юрий Гагарин атындағы Ғарышкерлерді дайындау орталығының мамандар тобы сапқа тұрған соң Ғарышкерлерді дайындау орталығының басшысы генерал-майор Василий Циблиев мемлекеттік жалауларды көтеруге бұйрық берді. Негізгі экипаж ғарышкерлері Юрий Маленченко (Ресей), Пегги Уитсон (АҚШ), ғарыш ұшырылымының қатысушысы Шеих Музафар Шукор (Малайзия), сондай-ақ оларды алмастырушы Салижан Шарипов (Ресей), Эдвард Майкл Финк (АҚШ) ұшырылым қатысушысы Файз Бин Халид (Малайзия) флагштокқа Қазақстанның мемлекеттік туын жоғары көтерді. Тудың көтерілуімен ғарышкерлердің пилотты ұшырылымға дайындығының қорытынды кезеңі ресми түрде басталды.

Содан кейін қысқа митинг болып өтті. Байқоңыр әкімшілігінің басшысы Александр Мазенцев және "Байқоңыр" ғарыш айлағының басшысы полковник Олег Майданович негізгі және алмастырушы экипаж мүшелерін қабылдады және ғарышкерлерге сәтті дайындық тіледі.

Рәсім аяқталған соң негізгі экипаж ғарышкерлері Пегги Уитсон (АҚШ) мен Шеих Музафар Шукор (Малайзия) дәстүр бойынша қонақ үй кешенінің аумағында орналасқан саябақтағы ғарышкерлер аллеясына ағаш отырғызды.

Ұшырылым алдындағы дайындық жоспарына сәйкес, алдағы аптада экипаж мүшелері "Союз ТМА-11" ғарыш кемесін қабылдап көреді және ұшырылатын аппаратта қорытынды жаттығуларын өткізеді. Сондай-ақ, 9 қазан күні алдағы ұшырылымның негізгі және алмастырушы экипаждарының мүшелерін бекітетін мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді.

16-шы негізгі экспедиция және 13-ші Халықаралық ғарыш станциясына бару экспедициясының экипажын алып ұшатын пилотты "Союз ТМА-11" ғарыш кемесі бар "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы 10 қазанға жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны