28.03.2008, 12:54 1332

Байқоңырда "Союз ТМА-12" экипаж ғарышкерлері ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің туын көтерді

Байқоңырда "Союз ТМА-12" экипаж ғарышкерлері ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің туын көтерді

Байқоңыр. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін"- Байқоңырда "Союз ТМА-12" экипаж ғарышкерлері ұшырылымға қатысушы мемлекеттердің туын көтерді , деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Тулардың көтерілуі ғарышкерлердің ұшырылым дайындықтарының соңғы кезеңінің ресми басталғандығының белгісі болды.

Салтанат дәстүрлі түрде ғарышкерлер тұратын " Космонавт" мейманханасы жанындағы 17 алаңда өткізілді. Ю. Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындайтын Орталықтың бір топ мамандары мен экипаждың сапқа тұруынан кейін, сағат 10.00 генерал -майор Василий Циблиев мемлекеттік туларды көтеруге бұйрық берді.

Негізгі экипаж мүшелері Сергей Волков (Ресей Федерациясы), Олег Кононенко (Ресей Федерациясы), Йи Сойон (Корея Республикасы) және дублерлер - Михаил Сураев (Ресей Федерациясы), Олег Скрипочка (Ресей Федерациясы) және ғарыштық ұшырылымның қатысушысы Сан Ко (Корея Республикасы) ту туғырына Ресей, ОңтүстікКорея және Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін қадады.

Сосын қысқа жиын өтті. Негізгі және дублерлік экипажды Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Анатолий Петренко, "Байқоңыр" ғарыш айлағының басшысы генерал-майор Олег Майданович, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі бөлімінің бастығы Мейрамкүл Жұбанышева ғарышкерлерге Байқоңыр жерінде дайындық жұмыстарын ойдағыдай өткізіп, Халықаралық ғарыш станциясы бортында жемісті жұмыс атқарып, жерге аман- есен оралуына тілектестік білдірді.

Баспасөз мәслихатында ғарышкерлер журналистердің сауалдарына жауап берді. Негізгі экипаж командирі С. Волков атап өткеніндей, ХҒС экипаж мүшелері жарты жылдың ішінде үлкен көлемде ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарулары керек.

ХҒС бортинженері О. Кононенко айтқанындай, екі жыл бойы бірге жұмыс істеген экипаждың дайындығы ойдағыдай өтті және психологтардың берген қорытындысы бойынша "экипаж мүшелерінде психологиялық ауыр тұқым қуалаушылық жоқ".

Баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін экипаж ғарышкерлері жаттығу жұмыстарын жалғастырып, борт құжаттарымен жұмыс істеуге кетті.

Ұшырылым алдында дайындық жоспары бойынша келесі аптада экипаж "Союз ТМА-12" кемесін қабылдап, қорытынды жаттығуларды түсірілетін аппаратта жасайтын болады. 7 сәуірде мемлекеттік комиссияның кеңесі өтіп, онда ұшырылымға дайындалған негізгі және қосалқы экипаждың құрамы бекітіледі.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясының Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылуы ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан 2008 жылдың 8 сәуіріне Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны