31.03.2008, 18:49 6972

Байқоңырда "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына баратын экипаждың дайындығы жалғасуда

Байқоңырда "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына баратын экипаждың дайындығы жалғасуда

Байқоңыр. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі мен Халықаралық ғарыш станциясына баратын экипаждың дайындығы жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшырылымға дайындаудың ақырғы кезең операциялары жүргізілуде. Кеше монтаж-сынақ корпусында ғарыш кемесі өтпелі отсекпен түйістірілді.

Ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, аптаның ортасында ғарышкерлер экипаждары "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің түсірілетін аппаратында соңғы жаттығуларды жүргізеді, бұдан кейін ғарыш кемесі №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен жалпы түйістіруге жіберіледі.

Ал ғарышкерлер осы уақытта борт құжаттары мен корабльді басқару бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды одан әрі жалғастырып, салмақсыздық жағдайында жаттығулар өткізіп, арнайы денелей жаттығулармен шұғылдануда.

Сабақтар 7 -сәуірге дейін жалғасады, бұдан кейін мемлекеттік комиссия "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипажының құрамын бекітеді.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген. Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17 экспедицияның негізгі экипажын жеткізеді. Экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков пен Олег Кононенко, сондай-ақ, 14-экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны