28.03.2008, 17:53 3192

Байқоңырда "Союз ТМА-12" ғарыш кемесіне жанармай құю басталды

Байқоңырда "Союз ТМА-12" ғарыш кемесіне жанармай құю басталды

Байқоңыр. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-12" ғарыш кемесіне жанармай құю басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін №31 алаңның жанармай құю станциясында ауыр химиялық машина құрылысының мамандары ғарыш кемесінің қозғалтқыштарына жанармай құюға кірісті. Ол екі күн жалғасады. Ол аяқталған соң ғарыш кемесі "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен түйістіруге дайындайтын қорытынды операцияларды өткізу үшін монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі.

Сондай-ақ, келесі аптада ғарышкерлер экипаждарын жерге түсетін аппаратта жасалатын соңғы жаттығуларын өткізу жоспарланып отыр.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген. Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17 экспедицияның негізгі экипажын жеткізеді. Экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков пен Олег Кононенко, сондай-ақ, 14 экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны