02.04.2008, 15:04 3246

Байқоңырда "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің экипажы ғарышкерлерінің БАҚ үшін ашық жаттығулары өткізілді

Байқоңырда "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің экипажы ғарышкерлерінің БАҚ үшін ашық жаттығулары өткізілді

Байқоңыр. 2-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің экипажы ғарышкерлерінің БАҚ үшін ашық жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бүгін ғарышерлер тұрып жатқан және олардың жаттығулары өтіп жатқан "Космонавт" қонақүйінде экипаждардың қатысуымен баспасөз үшін ашық жаттығулар өткізілді. Дайындық жоспарына сәйкес, ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков мен Олег Кононенко, ғарыштық ұшырылымға қатысушы Корея Республикасының азаматшасы Сойон Йи кіретін негізгі экипаж, сондай-ақ, қосалқы ғарышкерлер Михаил Сураев, Олег Скрипочка ( Ресей Федерациясы) мен ұшырылымға қатысушы Корея Республикасының азаматы Сан Ко күні бойы түрлі теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.

Бағдарламаның таңертеңгі бөліміне сәйкес, экипаждар денешынықтыру жаттығулары мен таңертеңгі тамақтан кейін "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің борт құжаттарына қатысты сабақтар өткізіп, компьютерлік тренажерде ғарыштық корабльде маневрлер өткізуге машықтанды.

Сонымен қатар, ғарышкерлер вестибулярлық аппаратта және ортостол мен вестибулярлық орындықта гемодинаминкалық жаттығулар өткізді. Ашық жаттығулардан кейін экипаждар күнделікті жоспар бойынша дайындыққа кірісті.

Ертең, 3 сәуірде экипаждар №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына №254 "Союз ТМА-12" ғарыш кемесіндегі жаттығулардың соңғы кезеңіне шығады. Жаттығулар барысында ғарышкерлер ұшу-қону креслоларының ложементтерін киіп көріп, жүктердің орналастырылуын, байланыс құралдарының жұмысын тексеріп, содан кейін "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін тексеріп көреді.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны