27.03.2008, 18:27 3047

Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы дайындалуда

Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы дайындалуда

Байқоңыр. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы дайындалуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша бүгін кешке экипаж ғарышкерлерінің жаттығу жұмыстары аяқталғаннан соң, "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі №31 алаңындағы отын құю станциясына жеткізіліп, ертең кеме қозғалтқышы жанармай компоненттерімен толтырылатын болады. Ғарыш айлағының мамандары кемені тасығыштың үстіне орнату жұмыстарына кірісті.

"ЦСКБ-Прогресс" бөлімшесінің мамандары №112 алаңында "Союз ТМА-12" кемесін ғарышқа алып шығатын "Союз-ФГ" РТ дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта РТ пневмо-гидрожүйесі, өлшем жасау жүйесі, басқару жүйесінің сынағына дайындау жұмыстары мен зымыран тасығышының бірінші және екінші сатысының пакеттері құрастырылып жатыр", - деп хабарлады "Роскосмос" баспасөз қызметі.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясының Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылуы ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан 2008 жылдың 8 сәуіріне Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажын жеткізбек. Ол экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков, Олег Кононенко және 14-ші экспедиция мүшесі Корея Республикасының азаматшасы Йи Сойон кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны