29.02.2008, 14:50 3015

Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін көктемде Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Ғарыш айлағы мамандары Байқоңырға 5-ақпанда жеткізілген "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.

С. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында кеме жүйесін автономды жағдайда тексеріп, енді кешенді тексеруге кірісті. №31 алаңның жанармай құю станциясында "Союз ТМА-12" ғарыштық кораблінің қозғалтқыш қондырғысына отан компоненттері мен сұйытылған газ құю жұмыстары басталды.

"Союз ТМА-12" пилоттық ғарыш кемесін ғарышқа алып ұшуға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарыш айлағына жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. Зымыран жеткізілгеннен кейін ғарыш құралын ұшыруға дайындаудың қарқынды кезеңі басталады.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.

"Союз ТМА-12" пилоттық ғарыш кемесін ғарышқа ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция, сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері - Корея Республикасының азаматы Сан Коны Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны