02.10.2008, 12:37 1514

Байқоңырда "Союз ТМА-13" пилотты кораблін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындауда

Байқоңырда "Союз ТМА-13" пилотты кораблін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындауда

Байқоңыр. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына 18-ші экспедицияны жеткізетін "Союз ТМА-13" пилотты кораблін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз ТМА-13" пилотты кораблін ұшыруға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындауда.

Зымыранға бірінші және екінші сатылары түйістіріліп, зымыран тасығыштың басқару, электрлік және пневматикалық жүйелері тексерілуде.

"Союз ТМА-13" пилотты кораблін алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарыш айлағының №1 алаңынан 12 қазанда ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны