21.01.2009, 18:13 2870

Байқоңырда "Союз ТМА-14" пилотты кораблін ұшыруға дайындауда

Байқоңырда "Союз ТМА-14" пилотты кораблін ұшыруға дайындауда

Байқоңыр. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз ТМА-14" пилотты кораблін ұшыруға дайындауда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында Ресейдің ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары "Союз ТМА-14" пилотты кораблін ұшырылымға дайындау жұмыстарын жүргізуде. Корабльдің жүйелері тексерілуде.

"Союз ТМА-14" кораблі Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын алып ұшады. Халықаралық ғарыш станциясына баратын 19-шы экспедиция құрамында Ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка, АҚШ астронавты Майкл Баррет және ғарыштық турист Чарльз Симони бекітіліп, ұшырылым алдындағы дайындықтардан өтуде. Чарльз Симони Халықаралық ғарыш станциясына 10 тәуліктік миссиямен барады. Ол ғарыштық турист ретінде бұдан бұрын да ұшқан. Алғаш рет ол 2007 жылдың сәуір айында ғарышта болды.

Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен жеткізетін "Союз ТМА-14" пилотты кораблін ұшыру мерзімі 25 наурызға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны