18.09.2009, 13:07 2783

Байқоңырда "Союз ТМА-16" экипаждары ұшырылым алдындағы бірінші жаттығуларға кірісті

Байқоңырда "Союз ТМА-16" экипаждары ұшырылым алдындағы бірінші жаттығуларға кірісті

Алматы. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз ТМА-16" экипаждары ұшырылым алдындағы бірінші жаттығуларға кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең Астана уақытымен сағат 09.50-де "Союз ТМА-16" ғарыш кораблінің негізгі және қосалқы экипаждары №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына ұшырылым алдындағы бірінші жаттығуларды жасау үшін келді.

Бүгін экипаждар ғарыштық аппаратты бақылау мақсатында қарап шығып, теле- және радиобайланыс жүйелерін тексеріп, скафандрларды киіп көреді. Алғашқы жаттығулардың қорытындысы жайлы олар баспасөз өкілдерімен бөліседі деп күтілуде.

Еске сала кетейік, "Союз ТМА-16" ғарыш кораблінің негізгі және қосалқы экипаждары Байқоңыр ғарыш айлағына кеше келген. ХҒС-21/ЭП-17 негізгі экипаж құрамында "Союз ТМА-16" кораблінің командирі, ХҒС бортинженері - Максим Сураев (Роскосмос), ХҒС бортинженері/командирі, "Союз ТМА-16" кораблінің бортинженері - Уильямс Джеффри (НАСА), ғарыштық ұшырылымға қатысушы - Ги Лалиберте (Канада азаматы) бар. Қосалқы экипажда : "Союз ТМА-16" кораблінің командирі, ХҒС бортинженері- Александр Скворцов (Роскосмос), "Союз ТМА-16" кораблінің бортинженері ХҒС бортинженері/командирі - Уокер Шеннон (НАСА), ғарыштық ұшырылымға қатысушы - Барбара Баррат (АҚШ азаматы) бар.

Пилотты "Союз ТМА-16" кораблі "Союз-ФГ" ғарыштық зымыранымен Халықаралық ғарыш станциясының бағдарламасы бойынша 30 қыркүйекте ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны