Система Orphus

Байқоңырда «Союз» зымарын тасығышы мен RadarSat-2 жер серігін түйістіру жұмыстары жүргізілуде

10.12.2007, 19:04 452

Байқоңыр. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда «Союз» зымарын тасығышы мен RadarSat-2 жер серігін түйістіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көздерінің мәліметтеріне сүйенсек, «№ 31 алаңның монтаждау және сынақ корпусында ғарыш айлағының қызметкерлері RadarSat-2 жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогынан құралған қоспаны «Союз-ФГ» зымыран тасығышының үшінші сатысымен түйістіру жұмыстарын жүргізуде.

«Союз-ФГ» зымыран тасығышын жинауға қатысты операция екі күнге созылады. Ертең, ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, зымыран тасығышын жинау және тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін мемлекеттік комиссияның отырысын өткізу көзделген, онда дайындық жұмыстарын ұшыру кешенінде жалғастыру туралы шешім қабылданатын болады.

«Союз-ФГ» зымыран тасығышын RadarSat-2 жер серігімен бірге № 31 алаңның ұшыру кешеніне шығару кесте бойынша 12-желтоқсан күні таңертеңге жоспарланған. Байқоңырдан Канаданың RadarSat-2 жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен №31 алаңның ұшыру қондырғысынан 2007 жылдың 14 желтоқсанында Астана уақытымен 19 сағат 17 минутта ұшыру межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны