26.05.2009, 10:07 1307

Байқоңырда "Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны мен "Союз ТМА-15" кораблі ұшырылым кешеніне орнатылды

Байқоңырда "Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны мен "Союз ТМА-15" кораблі ұшырылым кешеніне орнатылды

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны мен "Союз ТМА-15" кораблі ұшырылым кешеніне орнатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғарыштық зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізіліп, Роскосмос ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметкерлері бірінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жұмысқа кірісті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше Байқоңырда "Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны мен "Союз ТМА-15" кораблін ұшырылым кешеніне орнату күшті желге байланысты бірнеше сағатқа кейінге шегерілді,

"Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны мен "Союз ТМА-15" пилотты кемесі 2009 жылдың 27 мамырында Астана уақытымен сағат 16.34-те ұшырылады.

"Союз" кораблімен 20-шы экспедицияның экипажы: ресейлік Роман Романенко, канадалық Роберт Тирск мен бельгиялық Франк де Винн Халықаралық ғарыш станциясына жол тартады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны