28.09.2009, 16:24 3155

Байқоңырда "Союз-ФГ" зымыран тасығышы "Союз ТМА-16" пилотты кораблімен бірге ұшырылым кешеніне орнатылды

Байқоңырда "Союз-ФГ" зымыран тасығышы "Союз ТМА-16" пилотты кораблімен бірге ұшырылым кешеніне орнатылды

Алматы. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Байқоңырда "Союз-ФГ" зымыран тасығышы "Союз ТМА-16" транспорттық пилотты кораблімен бірге ұшырылым кешеніне орнатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін "Союз ТМА-16" транспорттық пилотты кораблін ұшырылымға дайындау кестесіне сәйкес, Астана уақытымен сағат 07.00-де "Союз-ФГ" зымыран тасығышы "Союз ТМА-16" транспорттық пилотты кораблімен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының №112 алаңының монтаж-сынақ корпусынан шығарылды. Зымыран тасығыш №1 алаңның ұшырылым кешеніне шығарылып, "ұшырылым үстеліне" орнатылды.

Ресейдің зымыран-ғарыштық саласының мамандары "бірінші ұшырылым күнгі" кесте бойынша атқарылатын іс-шараларға кірісті.

Еске сала кетейік, "Союз ТМА-16" ғарыш кораблінің негізгі және қосалқы экипаждары Байқоңыр ғарыш айлағына 18 қыркүйекте келген. ХҒС-21/ЭП-17 негізгі экипаж құрамында "Союз ТМА-16" кораблінің командирі, ХҒС бортинженері - Максим Сураев (Роскосмос), ХҒС бортинженері/командирі, "Союз ТМА-16" кораблінің бортинженері - Уильямс Джеффри (НАСА), ғарыштық ұшырылымға қатысушы - Ги Лалиберте (Канада азаматы) бар. Қосалқы экипажда : "Союз ТМА-16" кораблінің командирі, ХҒС бортинженері- Александр Скворцов (Роскосмос), "Союз ТМА-16" кораблінің бортинженері ХҒС бортинженері/командирі - Уокер Шеннон (НАСА), ғарыштық ұшырылымға қатысушы - Барбара Баррат (АҚШ азаматы) бар.

Пилотты "Союз ТМА-16" кораблі "Союз-ФГ" ғарыштық зымыранымен Халықаралық ғарыш станциясының бағдарламасы бойынша 30 қыркүйекте ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны