07.05.2009, 12:47 1028

Байқоңырда "Союз-ФГ" зымыранының пилотты ұшырылымға дайындықтары басталды

Байқоңырда "Союз-ФГ" зымыранының пилотты ұшырылымға дайындықтары басталды

Алматы. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны мен "Союз ТМА-15" пилотты кемесін ұшырылымға дайындау жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Байқоңыр ғарыш айлағының 112 алаңының монтаж-сынақ корпусында Самараның "ЦСКБ-Прогресс" бас кәсіпорны мен оның Байқоңырдағы филиалының мамандары, сондай-ақ, "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының қызметкерлері "Союз ТМА-15" пилотты кемесін орбитаға шығаратын "Союз-ФГ"зымыран тасығышын дайындауға кірісті.

Зымыран блоктары жұмыс орындарына шығарылып, пневматикалық сынақтарға дайындық жүргізілуде.

"Союз-ФГ" ғарыштық зымыраны мен "Союз ТМА-15" пилотты кемесі 2009 жылдың 27 мамырында Астана уақытымен сағат 16.34-те ұшырылады.

"Союз" кораблімен Халықаралық ғарыш станциясына 20-шы экспедицияның экипажы: ресейлік Роман Романенко, канадалық Роберт Тирск мен бельгиялық Франк де Винн жол тартады.

Сондай-ақ, Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы ұшырылатын күн.

"Прогресс М-02М" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы 5 мамыр күні таңертең Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым алаңына шығарылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, зымыран ғарыш айлағының №1 алаңына орнатылды. Байқоңыр ғарыш айлағының ұшырылым жөніндегі мамандары бірінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жұмыс күніне кірісті.

"Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылымы мен оған жанармай құю жөніндегі шешімді қабылдайтын мемлекеттік комиссияның мәжілісі сағат 18.30-ға межеленген.

"Союз-У" зымыраны "Прогресс М-02М" жүк тасымалдаушы кемесімен 8 мамырда Астана уақытымен сағат 00.37-де ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны