14.09.2006, 10:25 2994

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды

БАЙҚОҢЫР. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз-У" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне "Байқоңыр" Федералды ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне қарағанда, "Союз У" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратымен бірге 31 -ші ұшыру алаңына жеткізілді. Зымыран тасығыш іске қосу қондырғысына орнатылып, айлақ қызметкерлері ұшыру жұмыстарының алғашқы кестесі бойынша жұмысқа кірісті. Иуелі ұшыру кешенінің аппараттары және жердегі қондырғылар тексірілді, сонымен қатар борт аппаратурасы зымыранның ұшуын қайталау арқылы басты сынақтан өткізілді.

"Космос" ғарыш аппаратымен "Союз-У" зымыран тасығышын 31 алаңнан ұшыру 14 қыркүйек күні кешкі уақытқа жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны