13.05.2008, 15:58 2662

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен"Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңыр. 13-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін "Энергия" ЗҒК, "Прогресс", Бармин атындағы ЖСКБ мамандары "Байқоңыр" Федералды ғарыш орталығының есептері 12 мамырда таңертең №1алаңына қойылған "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылымын дайындау жұмыстарын жүргізуде.

Кеше ұшырылым кестесінің бірінші күнінің дайындық жұмыстары аяқталып, жер үсті кешені зымыранмен түйістіріліп, зымыранның ұшырылымы басталғаннан және ғарыш кемесінен бөлінуіне дейін ұшу циклогроммасы жасалды.

Бүгін ұшырылым кестесінің екінші күнгі дайындықтары басталып, оны жүргізу кезінде зымыран тасығышының жүйесі тексеріліп, "Союз-У" ЗТ ұшыру дайындығы тексеріліп, зымыранға жанар май құюдың имитациясы жасалады.

17-ші экспедиция экипажына арналған жүк тиеген "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесін "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен Халықаралық ғарыш станциясына №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысынан 15 мамыр күні Астана уақытымен 2 сағат 22 минутта (Мәскеу уақытымен 00 сағат 22 минут) ұшыру жоспарланған.

"Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Олар станция орбитасын сақтап тұратын жанармай, азық-түлік, су, ғылыми құралдар, Халықаралық ғарыш станциясына 8 сәуірде ұшқан 17 экспедиция экипажының шығындық материалдары.

Сондай-ақ, ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 90 грузин ұлуын жеткізеді. Оларды вестибулярлық аппарат пен ұлпа жасушасының регенерациясына салмақсыздықтың етер әсері бойынша тәжірибеден өткізетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны