30.05.2007, 18:57 4489

Байқоңырда тұратын Қазақстан азаматтарына медициналық қызмет көрсету жөніндегі келісімге осы жылдың аяғына дейін қол қою көзделуде

БАЙҚОҢЫР. 30-мамыр. Kazakhstan Today. Байқоңырда тұратын және ғарыш кешенінде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарына медициналық қызмет көрсету жөніндегі Қазақстан және Ресей үкіметтері арасындағы келісімге 2007 жылдың аяғына дейін қол қою көзделуде. Бұл туралы бүгін Байқоңырда өткен баспасөз мәслихатында Федералдық ғарыш агенттігінің төрағасы Анатолий Перминов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз кешеден бері Байқоңыр және Төретам мен Ақай ауылдарының тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртіптерін қарадық. Толықтырып пысықтағаннан кейін біз осы жылдың ІІІ-ІҮ толқсанында келісімге қол қоюға дайын боламыз",- деді А.Перминов. Ол Байқоңырға жұмыс сапарымен келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны