17.07.2008, 19:08 2702

Байқоңырда Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Федералдық ғарыш айлағының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында шетелдік мамандар Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратының дербес дайындығын одан әрі жалғастыруда.

Сонымен бірге ресейлік мамандар Ұлыбританияның Inmarsat 4F3 жер серігін ұшыру үшін 27 маусымда ғарыш айлағына жеткізілген "Бриз-М" үдеткіш блогын дайындауда. Үдеткіш блокта электрлік және кешенді сынақтар жүргізілуде.

Inmarsat 4F3 жер серігін ұшыратын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылымға дайындау аяқталып, зымыран сақтау режиміне көшірілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты "Юбилейный" әуежайына АН-124 "Руслан" ұшағымен 6 шілдеде жеткізілген.

Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылғы 14 тамызда ұшырылады деп жоспарланған.

Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны