07.05.2009, 14:21 2456

Байқоңырда "Зенит-2SБ"ғарыштық зымыраны мен "Фрегат-СБ" үдеткіш блогының кешенді сынақтары табысты аяқталды

Байқоңырда "Зенит-2SБ"ғарыштық зымыраны мен "Фрегат-СБ" үдеткіш блогының кешенді сынақтары табысты аяқталды

Алматы. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Зенит-2SБ"ғарыштық зымыраны мен "Фрегат-СБ" үдеткіш блогының кешенді сынақтары табысты аяқталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 4 мамырда "Зенит-2SБ"ғарыштық зымыраны мен "Фрегат-СБ" үдеткіш блогы ғарыш айлағының №45 алаңының ұшырылым кешеніне кешенді сынақтарды жүргізу үшін шығарылды. Мұндай кешенді сынақтардың қажеттігі "Фрегат-СБ" үдеткіш блогының жаңа өнім екендігіне байланысты және нақты дайындықтарды бастамас бұрын барлық дайындықтар технологиясын жан-жақты дәйектеу қажет.

"Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының, Транспорттық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының, С. Лавочкин атындағы Ғылыми-өндірістік бірлестігінің және Украинаның ғарыштық кәсіпорындарының мамандары үдеткіш блоктың бағдарламалық қамтамасыздығы мен жүйелерінің үйлесімділігін тексеріп, зымыранға отын құюдан басқа ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарының толық топтамасын атқарып шықты.

5 мамыр күні кешке, кешенді сынақтар табысты аяқталғаннан кейін зымыран ұшырылым кешенінен алынып, монтаж-сынақ корпусына бөлшектеу үшін қайтарылды.

Кеше зымыран транспорттық-орнату агрегатынан жұмыс орнына қойылды, онда зымыран тасығыштан бас бөлік ажыратылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны