11.12.2007, 17:25 2939

Байқоңырда "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіле бастады

Байқоңырда "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіле бастады

Байқоңыр. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Израильдің AMOS-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіле бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "№42 алаңның монтаж-сынақ корпусында Ресейдің ауыр машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының, "Вымпел" тәжірибелік-конструкторлық бюросының, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының, Украинаның "Южное" МКБ мен басқа да ғарыштық ұйымдардың мамандары "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындай бастады.

Орталық ақпаратына сәйкес, қазір "зымырын тасығыштың блоктары мен сатылары темір жол вагондарынан түсіріліп, құрастыру стендтеріне қойылуда. Сөйтіп, AMOS-3 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды.

"Зенит-3SLB" ғарыш айлағына 26 қазанда жеткізілді.

""Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ұшырылымы жаңа халықаралық "Жер үсті ұшырылымы" атты бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Ол үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені жаңаланды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Израильдің телекоммуникациялық Amos-3 жер серігін "Зенит-3SLB" зымыран тасығышымен 2008 жылғы наурызда ұшыру межеленіп отыр.

Amos-3 жер орбитасында 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазонда жұмыс істейтін ретрансляторлардың санын толықтырып, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка, сондай-ақ, Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір өңірлерінде жоғары сапалы байланыс пен кең жолақты мәліметтер базасын жалғастыруды қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны