24.08.2007, 15:40 2840

Байқоңырда жапон ғарыш серігін үдеткіш блокпен түйістіруге кірісті

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағының монтаж-сынақ корпусында "Бриз-М"үдеткіш блогын жапонның JCSAT-11 жер серігімен түйістіру басталды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 24 - тамыз. БАЙҚОҢЫР. Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағының монтаж-сынақ корпусында "Бриз-М"үдеткіш блогын жапонның JCSAT-11 жер серігімен түйістіру басталды. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

"Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы пен JCSAT Сorp. компаниясының мамандары бірнеше күн бойы JCSAT-11 жер серігін өтпелі жүйемен түйістіріп, одан кейін "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге құрастыру жұмысын жүргізеді",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Осы жерде, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы мен транспорттық және машина жасау жөніндегі конструкторлық бюро орталығының мамандары "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай мен сұйытылған газ құюды аяқтағандығын еске сала кетті. "Жұмыс аяқталысымен "Бриз-М" ұшу алды дайындығынан өтіп жатқан JCSAT-11 жер серігімен түйістіру үшін монтаждау-сынақ корпусына жеткізілген",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Бұрын хабарлағанымыздай, жер серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы өндірген, Жапония мен көршілес аймақтардағы тұтынушыларға телекоммуникациялық қызметтерді жапониялық JSAT Corporation компаниясы атты байланыс операторы көрсетеді. JCSAT-11 ғарыштық аппараты Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. Жер серігі кем дегенде 15 жыл қызмет етуге тиіс.

"Протон-М" зымыран тасығышын "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге мен JSAT-11 ғарыштық аппараты 2007 жылдың 6- қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны