27.06.2008, 17:49 2791

Байқоңырда жазда тағы да екі ғарыш ұшырылымын жүзеге асыру жоспарланып отыр

Байқоңырда жазда тағы да екі ғарыш ұшырылымын жүзеге асыру жоспарланып отыр

Байқоңыр. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда жазда тағы да екі ғарыш ұшырылымын жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жаз айларында жоспарланған үш ұшырылымның алғашқысы Ресейдің әскери мақсаттағы "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышының ғарыштық ұшырылымы сәтті іске асырылды. Ғарыш аппараттарының ұшырылу жоспарына сәйкес, "Байқоңыр" ғарыш айлағында тағы екі жаздық ұшырылым жоспарланып отыр. Тамыз айында Inmarsat-4F3 телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы мен Rapid Eye жер серіктерін бірге ұшатын "Днепр" конверсиялық зымыранының ұшырылымы жоспарланған.

Жыл басынан бері Байқоңырдан Ресейдің және халықаралық ғарыш бағдарламалары бойынша зымыран тасығыштар 9 рет ұшқан. Ал Байқоңырдан 2008 жылы барлығы 20 ғарыштық ұшырылым жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны