08.11.2007, 16:43 2591

Байқоңырда желтоқсанның басында "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда

Байқоңырда желтоқсанның басында "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда

Байқоңыр. 8 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда желтоқсанның басында "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Хруничев атындағы орталық мамандары 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусында Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындала бастады.

"Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы желтоқсанның басында ғарышқа жол тартуға тиіс.

Бұл 2007 жылдың аяғына дейін ұшырылады деп межеленген үш "Протонның" екіншісі.

Таяу уақыттарда "Протон-М" зымыран тасығышы Sirius-4 ғарыштық аппаратын алып 18 қарашада ұшуға тиіс.

"Протон" ұшырылымдарының биылғы ең соңғысы 25 желтоқсанда "Протон-К" зымыран тасығышы үш бірдей "Глонасс-М" жер серіктерін алып ұшумен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны