30.06.2008, 10:24 2911

Байқоңырдағы Ресейдің Қорғаныс министрлігінің тәжірибелік ғарыш айлағы 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін таратылады

Байқоңырдағы Ресейдің Қорғаныс министрлігінің тәжірибелік ғарыш айлағы 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін таратылады

Байқоңыр. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдағы Ресейдің Қорғаныс министрлігінің тәжірибелік ғарыш айлағы 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін таратылады. Бұл туралы РФ Ғарыш әскерлерінің ақпарат және қоғаммен байланыс қызметінің бастығы подполковник Алексей Золотухин мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қазіргі уақытта "Байқоңыр" ғарыш айлағының инфрақұрылымдық нысандарын Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінен Федералдық ғарыш агенттігіне тапсыру аяқталып келеді. Ұйымдастыру-штаттық шаралар аясында ғарыш-айлағында 2005 жыл мен 2008 жыл аралығында 30 әскери бөлім мен бөлімше таратылды. Онда 2 мың офицер мен прапорщик әскери қызметтен өтіп жатқан болатын", - деді Алексей Золотухин.

Баспасөз қызметі сондай-ақ, "Байқоңырды" пайдалану үшін Роскосмос құрамында арнайы басқарма құрылатындығын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны