20.06.2007, 19:07 2880

Байқоңырдағылар жаңартылған "Зенит-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындалуда

БАЙҚОҢЫР. 20-маусым. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында жаңартылған "Зенит-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағында "Зенит-М" зымыран тасығышы мен Ресейдің "Космос" тобындағы жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының, транспорттық машина жасау бюросы мен украиналық мамандар "Зенит-М" зымыран тасығышы мен ғарыштық аппаратта ақырғы операцияларды жүзеге асыруда.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "алдағы ұшырылым өзінің құрылымы жағынан "теңіздегі ұшырылым" бағдарламасымен ұшырылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышына ұқсас "Зениттің" алғашқы ұшырылымы болмақ. Бұған дейін Байқоңырдан көнерген аналог жүйесіндегі басқарумен және басқа қозғалтқыш қондырғысы бар "Зенит-2" зымыраны ұшырылған. "Байқоңырдан ұшырылатын зымыран тасығыштың бір басты ерекшелігі - ол екі сатылы, ал "теңіздегі ұшырылым" бағдарламасына сәйкес үшінші сатысы ретінде ДМ үдеткіш блогы бар зымыран ұшырылады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Осы орайда еске сала кетсек, "Зенит-М" зымыран тасығышының "Космос" ғарыштық аппаратымен бірге ұшырылымы бұған дейін 45-ші алаңнан 2006 жылдың желтоқсаны мен 2007-жылдың қаңтарында екі мәрте кейінге шегерілген.

"Космос" ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Зенит-М" зымыран тасығышының нақты ұшырылатын күні әзірге анықталған жоқ, ол алдын-ала маусымның аяғына белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны